Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Алматыға жақын маңда жер сілкінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
ҚР ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СБЗҰҒО) ЖШСсейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-де жер сілкінісі тіркелді.
Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4.9.
Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.

Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: