жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 45)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Премьер-министр Олжас Бектенов жол құрылыстарының ұзаққа созылуы адам өліміне себепкер болып жатқанын айтты. «Автожолдардың көпшілігі ескі стандарттар бойынша салынған. Сондықтан кейінгі жылдары жаңа магистральдардың құрылысы қолға алынды. Алайда, кейбір жолдардың құрылысы мен жөнделуі тым ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне, салынып жатқан учаскелерде жол белгілері мен ақпарат қалқандары, уақытша жол таңбалары жоқ немесе ескерту белгілері дұрыс орнатылмай, жүргізуші оларды байқамай қалады. Мұның соңы жол апаттарына алып келеді», - деді премьер-министр. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов ферроқорытпа зауытындағы апат туралы хабар құтқарушыларға 2 сағаттан кейін ғана түскенін мәлім етті. «Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат туралы мәлімет Төтенше жағдайлар министрлігіне қай уақытта түсті?» деген сұраққа вице-министр зауыттағылар апат туралы хабарды 2 сағат кешіктіріп бергенін айтады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Семей, Ертіс резерваттарында тексеру жүріп жатқанын мәлім етті. «Шын мәнінде Семей орманы резерватының ісі бойынша директоры ұсталды. Ертіс орманы бойынша 188-баппен басталған тергеу шаралары аяқталды. Енді сотқа жолданады. Тергеудің түпкілікті қорытындысын күтейік. Жалпы, министрлік жоспарлы тексеру жүргізіп отырады. Аудит жүргізетін құрылымдық бөлімшелеріміз бар. Басқа да тиісті органдар жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын», — деді Ерлан Нысанбаев  
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға үлестірілген. Биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілген. Мәселен, «Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 903 грант бөлінген. Гранттар тізімінде 5 000 халық тығыз қоныстанған және батыс өңірлердің жастарын жетекші жоғары оқу орындарында оқыту үшін мақсатты білім беру гранттары бар. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қаралды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде аталған жоба іске асырылып жатқаны мәлім. Бұл ретте отандық өндіріс материалдарының үлесі орта есеппен 70% құрайды, оның ішінде құрылыс материалдары 90%-ға дейін. Жиһаздар отандық өндірістен ғана қарастырылған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Р Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялардан бағаны төмендетуді сұрады. Министр Ақмарал Әлназарова 2025 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Әлназарова денсаулық сақтау шығындары еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі көрсеткіші екенін атап өтіп, барлық азаматтардың медициналық көмек пен дәрі-дәрмекке қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінде келе жатқан жүк көлігі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскеге кіріп кетті. Оқиға Түркістан облысының аумағында болды. Таңғы сағат 05:00 шамасында Түркістаннан Шымкент бағытына қарай келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа кіріп кеткен. Салдарынан 22 тонна жүгі бар көлік автобанда аударылып қалды.