бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 46)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Елдегі кірісі төмен азаматтардың декларациялары мемлекеттің нақты әлеуметтік ахуалды көруіне және одан әрі халықтың нақты көмекке мұқтаж бөлігіне қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді. Осы орайда ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың табысын әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Мұстафина жалпыға бірдей декларациялаудың артықшылықтары туралы айтып берді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке телефон шалып құттықтап, ауылға шақырды. Ол чемпионға 100 жылқы атады. Ақтөбелік кәсіпкер Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиаданы отбасы болып тамашалап, Елдос Сметовке жанкүйерлік етті. Бұған дейін қола, күміс медаль таққан дзюдошының бұл жолы чемпион атанатынына сенді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазгидромет синоптиктері 30 шілде — 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. Батыс антициклонның әсеріне қарамастан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. «Отбасының цифрлық картасын» одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян», «Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру» жобалары көрсетілді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы жеке және шартты шоттарында шамамен 20 трлн теңге жинақталды.  Жыл басынан бері өсім 2,1 трлн теңгеден (11,8%) асты. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының көлемі 3,9 трлн теңгеге жуық немесе 24,3% өсті. Отандастарымыздың жинақтарының 96% міндетті зейнетақы жинағы есебінен қалыптастырылды, оның көлемі шамамен 19,3 трлн теңге болды (бір жылдағы өсім – 23,7%, жыл басынан бері-11,3%). 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазгидромет ертең еліміздің 9 өңірінде жоғары өрт қаупі барын болжап отыр. 29 шілдеде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Өңірдің солтүстік, солтүстік-шығыс және түнде облыстың оңтүстігінде 15-18 секундына метрге жел соқпақ, Ал күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус аптап ыстық болмақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары.